Вид работы
Курсовая,
Предмет
Другое,
Количество страниц
31-35,
Год издания
2018,
Мазмұны
Кіріспе 4
1.Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайтудың теориялық негізі 
1.1 «Ұжым» түсінігіне анықтама. .6
1.2 Ұжымның даму кезеңдері, белгілері және ерекшеліктері 10
2. Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолдары 17
2.1 Оқыту үрдісінде оқушылар ұжымын нығайту 17
2.2 Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет- ұжымды қалыптастырудың негізгі бір формасы ретінде .22
Қорытынды 29
3.  Эксперимент жұмысы..29
Әдебиеттер тізімі 31

Кіріспе
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміздің өзекті мәселелерінің бірі: берік, бірауызды ұжымды құру болып табылады.
Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалык теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.
Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Бұл үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекет ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі - олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.
Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды ерекшеліктерімен бөлектенеді. Бұл ұжымның ішкі хал-ахуалын, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады.
Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге гуманистік қатынастар жүйесі қалыптасады. Берік, бірауызды ұжымда мұндай қатынас жүйесі тұлға мен барлық ұжым мүшелерінің қызығушылық үйлесімімен, тұлғаның көпшілік беделін мойындаумен ерекшеленеді. Бұл жүйе обьективті және субъективті қарама-қайшылықтарды жеңе алатын, өз міндеттерін білетін ұжымның әрбір мүшесінде айқын көзжарастар бағытын қалыптастырады.
Мектеп ұжымы құрылымының негізін де тұрақты бөлігі - басты іс-әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы. Осы сыныптық ұжымда оқушылар арасындағы тұлға аралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол мектеп ұжымдарының басқа да түрлеріне негіз қалайды.
Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі ынтасы - ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат -қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.
Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын, орташа және алыс перспективалар. Жақын перспектива — ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды. Орташа перспектива — уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы. Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.
Мұңдай перспектавада тұлға мен ортаның қажеттері міндетті түрде үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. Оны уақыттың кез-келген ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен өмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет.
Зерттеу мақсаты: тұлғаны ұжымда тәрбиелеу жолдарын теориялық негіздеп, тиімді әдістерін ұсыну.
Зерттеу міндеті:
-«Ұжым» ұғымының мәнін қарастыру;
-Ғылыми- теориялық әдебиеттерді талдау;
-Тұлғаны ұжымға бейімдеу жолдарын анықтау,
-Оқушылар ұжымын нығайту ерекшелігін анықтау.
Зерттеу нысаны: тұлғаны ұжымдастыру.
Зерттеудің болжамы: егер сынып жетекші оқушылармен топтық формада үнемі іс-шараларды ұйымдастырып отырса, онда жеке тұлғаның ұжымда қалыптасуына мүмкіндік болар еді.
Зерттеудің құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пйдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Написать отзыв
Чтобы написать отзыв, нужно Войти или Зарегистрироваться

700 р.

Отзывов
0

Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолдары

Готовая работа "Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолдары"

Купить работу "Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолдары" просто. Приобретение файла "Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолдары" осуществляется с помощью робота, без участия менеджера. Вы можете купить "Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолдары" быстро, срочно, за 1-2 минуты. Для этого вам нужно пройти несложный этап оформления и оплаты заказа, после чего вы сможете скачать файл "Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолдары" из соответствующего раздела своего личного кабинета. Также на ваш электронный адрес придет сообщение со ссылкой на скачивание файла.

Заказать работу "Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолдары"

Если вам не подходит работа "Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолдары" или вы хотите заказать индивидуальную работу "Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолдары" в соответствии со своими требованиями, вы можете сделать это через форму заказа.

Узнать цену работы "Оқушылар ұжымын қалыптастыру және нығайту жолдары"